KAZINFORM — Қызылорда облысында бір күнде тергеуден бой тасалап жүрген күш күдікті қолға түсті.
Қызылордалық полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен күдікті қатарында танылып, тергеуден бой тасалап жүрген қала тұрғынын қолға түсірді. Оған есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.
— Күдікті 2017 жылдың қазан айында есірткі, психотроптық заттар және сол тектестер заттарды өткізу мақсатында сақтаған. Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Жедел уәкілдер іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде 30 жастағы күдіктіні Алматы қаласында ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тағы екі іздеуде жүрген күдіктілер анықталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!