Фото: Полиция.кз
Қызылорда облысында биыл заңсыз айналымнан 1,3 тоннадан астам есірткі тәркіленді.
Қызылорда облысының полицейлері есірткі қылмысына қарсы күресті үздіксіз жүргізіп келеді. Биыл жыл басынан бері заңсыз айналымнан 1,3 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 48,9 келі марихуана, 324,9 грамм синтетикалық есірткі, 1 келі гашиш тәркіленді.
«Екі есірткі зертханасы анықталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде меф және a-PVP синтетикалық есірткіні аса ірі мөлшерде тасымалдаудың төрт дерегі белгілі болды. Бұл бағытта Қызылорда, Ақмола және Ақтөбе облыстарының тұрғындары құрықталды. Есірткі жарнамасы бар 50-ден астам граффити жойылды. Әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу барысында «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 141 сайт бұғатталды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада тұрғын үйге қарақшылық шабуыл жасап, екі адамды ауыр жарақаттаған күдікті сотталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!