Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында екі жасар бала су алатын құдыққа түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Белгілі болғандай көз жұмған бала Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы, С.Молдалиев көшесіндегі тұрғын үйге, яғни нағашысының үйіне қыдырып анасымен бірге келген.

«Бүгін сағат 13-тен 54 минут өткенде Департаменттің Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына төмендегіше хабарлама келді: Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы, С.Молдалиев көшесіндегі тұрғын үйде 2021 жылы туған Түркістан облысы, Сауран ауданы, Балтакөл елді мекенінің тұрғыны бүгін сағат 11-ден 30 минут өткен шамасында ауладағы су алатын құдыққа түсіп көз жұмды», – делінген Қызылорда облысы ТЖД хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!