Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» тақырыбында шығармашылық жұмыстар байқауы ұйымдастырылды Байқау балалар мен жасөспірімдерге және жастарға психоактивтік заттарды қолдануға және таратуға теріс көзқарасты қалыптастыруға, салауатты және қауіпсіз өмір салтын дамытуға, өз денсаулығына құндылықтық қатынасты тәрбиелеуге және есірткіге қарсы ұстанымды қалыптастыруға бағытталды.

Байқауға 12-ден 20 жасқа дейінгі мектеп оқушылары мен студенттер қатысты Қатысушылар «Есірткі жайлы ертегі» тақырыбында немесе тақырыпқа сәйкес келетін басқа атаумен шағын ертегі жазып, оны БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялады Бұл қоғамда нашақорлық проблемасына назар аударуға және жастар арасында тақырыпты кеңінен талқылауға мүмкіндік берді.

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

Шығармаларды бағалау кезінде тақырыпты терең ашуы, ақпараттық байлығы, авторлық ұстанымы мен шығармашылық ерекшелігі ескерілді.

Облыстық байқауға барлығы 45 қатысушы қатысты олардың ішінен үздіктер ретінде 12 адам танылды Үздіктер қатарына кіргендер: Қызылорда қаласының №№198, 290, 144, 120 орта мектептері оқушылары – Ким Таисия, Шазат Айханым, Қадірхан Ибрагим, Бақыт Шадияр, Амантаева Назым; Арал ауданы №292 орта мектебінің оқушысы – Нұрболатқызы Әдеміай; Шиелі ауданы №49 орта мектебінің оқушысы – Пак Мария; Жалағаш ауданы №122 орта мектебінің оқушысы – Нұрманұлы Бекзат; Қармақшы ауданы №№274, 111, 199, 185 орта мектептерінің оқушылары – Искендерова Акерке, Райымбеков Мәди, Нұрханова Қарақат, Болатұлы Олжас.

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

Байқаудың өткізілуі тек шығармашылық қабілеті бар қатысушыларды анықтауға ғана емес, сонымен қатар жас ұрпаққа салауатты өмір салтының маңыздылығын түсіндіріп, өз денсаулығына жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және есірткіге теріс қатынасты дамытуға мүмкіндік берді БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жарияланған жұмыстар байқау идеяларын кеңінен таратуға және қоғамның нашақорлық проблемасы туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етті

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!