Өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіні қолдану мен тарату мәселелері бойынша көрнекі үгітті күшейту мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыстың оқу орындары арасында есірткіге қарсы үздік көрме байқауын ұйымдастырды.
Көрмеде есірткіге қарсы суреттер, плакаттар, қөрнекі бұйымдар, қолөнер бұйымдары, үгіт парақтары, парақшалар мен буклеттер, кітаптар, брошюралар мен баннерлер көрсетілді.
Қатысушылар өз экспонаттарында жаман әдеттерге теріс көзқарастарын білдірді, өз денсаулығына ұқыпты қарауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Көрмелер өскелең ұрпақтың есірткі құралдарын қолдануға теріс көзқарасын қалыптастыруға, есірткіге қарсы профилактикалық жұмысты күшейтуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және жақсы және жарқын нәрселерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді, ал ұсынылған кітаптар мен брошюралар, үгіт-насихат парақтары, парақшалар мен буклеттер есірткіні қолдану мен таратудың жағымсыз салдары туралы айтып береді.
Сайыстық комиссияның шешіміне сәйкес жеті қатысушы ынталық танытқан деп белгіленсе, ал он қатысушы үздік деп танылды.
Байқаудың облыстық жеңімпаздары: Жаңақорған ауданы №289 орта мектеп, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, Шиелі ауданы N50 орта мектеп, Қазалы ауданы N226 мектеп-гимназия, Арал ауданы N292 орта мектеп.





Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!