Қызылорда облысында көлік жүргізушісі түйемен соқтығысып, көз жұмды. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz порталының мәліметінше, оқиға Қызылорда-Жалағаш тас жолында Сырдария ауданы аумағында болған.
«Мазда-626» автокөлігінің түйе малын қағып кету дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Жол апаты салдарынан 1 адам көз жұмды, 1 адам ауруханаға жатқызылды.
Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда”, – деді полицияда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!