Қызылорда облысы аграрлы бағыттағы, әсіресе мал шаруашылығына қолайлы табиғи-климаттық жағдайлары бар өңірлердің бірі. Аймақ тұрғындары ежелден мал өсірумен ата кәсіп ретінде айналысып келеді. Осы бағыттағы жүйелі мемлекеттік қолдау мен шаруалардың еңбегінің нәтижесінде соңғы жылдары салада оң динамика қалыптасуда.
2025 жылдың 1 мамырына облыс бойынша 391,8 мың бас ірі қара мал, 796,2 мың бас қой мен ешкі, 270,5 мың бас жылқы, 65,0 мың бас түйе және 126,0 мың бас құс тіркелген. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір артқанын көрсетеді.
Атап айтқанда, ірі қара мал басы 20,3 пайызға, жылқы 4,2 пайызға, түйе 2,2 пайызға, ал қой мен ешкі 14,7 пайызға өскен. Бұл көрсеткіштер өңірдегі мал шаруашылығының тұрақты даму жолына түскенін және оның экономикалық әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқаратынына дәлел.
Алдағы уақытта облыста мал шаруашылығын одан әрі дамыту, өнімділікті арттыру және мал өнімдерін өңдеу көлемін ұлғайту бағытында кешенді шаралар жалғасын табатын болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!