фото: baq.kz
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті қысқы кезеңде су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Мұз-2024» профилактикалық акциясын жалғастыруда.
Акция аясында Сырдария өзенінің су тасқынына қауіпті учаскелерінде мониторинг жүргізілуде. Бұл жұмыстар су тасқынының алдын алу мақсатында қолға алынған.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оқу-жаттығу ұшуы барысында «Еврокоптер» және «МИ-8» тікұшақтары, сондай-ақ квадроциклдер мен қарда жүретін көліктер сияқты жоғары өтімділік техникасы жұмылдырылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!