Жылжымалы медициналық кешен Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен кешенді медициналық көмек Шиелі аудандық көлігімен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-нің №60 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтардың денсаулық жағдайы бойынша кешенді тексеріс жұмыстарын жүргізді.
Сотталған азаматтарды алты ай сайын туберкулез ауруының алдын алу мақсатында флюорографиялық тексеру жұмыстары жүргізілуде. Көпбейінді облыстық ауруханасының нейрохирург, проктолог, офтальмолог, гематолог дәрігерлері жазасын өтеуші азаматтар арасында жеке қабылдау өткізді.
№60 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Мақсұт Өтегенұлы жазасын өтеуші азаматтардың денсаулығы аса маңызды екенін және алдағы уақытта тағы да осындай тексеру жұмыстары болатынын атап өтті.
Кешенді тексеру барысында мамандар 100-ге жуық сотталған азаматтарды қабылдап, 20-ға жуық жазасын өтеушілілерге тиісті медициналық ем ұсынды.
Сонымен қатар жылжымалы кешеннің көмегімен ультрадыбыстық зерттеу жүргізіліп және флюорографиялық тексеруден өтті.
“№3 қалалық емхана” ШЖҚ КМК-ны сотталған азаматтардың денсаулығын қадағалау мақсатында бірлесіп ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар үшін №60 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Мақсұт Өтегенұлына және режим бөлімінің қызметкерлеріне алғыс айтты.

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!