Жылжымалы медициналық кешен Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-нің №60 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтардың денсаулық жағдайы бойынша кешенді тексеріс жұмыстарын жүргізді.
№60 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Мақсұт Өтегенұлы жазасын өтеуші азаматтардың денсаулығы аса маңызды екенін және алдағы уақытта тағы да осындай тексеру жұмыстары болатынын атап өтті.
Кешенді тексеру барысында мамандар 100-ге жуық сотталған азаматтарды қабылдап, 20-ға жуық жазасын өтеушілілерге тиісті медициналық ем ұсынды.
Сонымен қатар жылжымалы кешеннің көмегімен ультрадыбыстық зерттеу жүргізіліп және флюорографиялық тексеруден өтті.


Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!