Флюогография – адамның өкпе және кеуде қуысы мүшелерін рентген сәулесі арқылы зерттейтін диагностикалық әдіс. Қазіргі таңда заманауи цифрлы аппараттар жоғарғы сапада түсіреді, бұл сәйкесінше ауруды алғашқы сатыларында анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұндай тексеріс өкпенің созылмалы ауруы, турберкулез, өкпе қабыну сынды дерттің алдын алады.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға жылжымалы медициналық кешен арнайы тексеру жүргізді. Қызылорда облысының  денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен №3 емханаға қарасты медициалық бөлім сотталғандарды флюорографиядан өткізді. Бұйрық бойынша Ультракүлгін сәуле арқылы адамдардың өкпесін түсіру жылына 2-рет өткізіліп отырады. Медицина қызметкерлері 130-дан аса сотталған азаматтарды флюораға түсіріп, нәтижесінде ешқандай ауру ошағы анықталмады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!