Жол апаты салдарынан 2 адам ауруханаға жеткізілді.
Фото: pixabay.com
Қызылорда облысында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 25 мамырда сағат 2:10 шамасында «Самара-Шымкент» тас жолының 1463-шақырымында болды. Бұл Қазалы ауданының аралығын қамтиды.
«Оқиға барысында DAF үлгісіндегі жүк көлігі қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Volvo» маркалы жүк көлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 2 адам ауруханаға жеткізілді. Біреуі аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!