Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Мен өмірді қалаймын!» атты нашақорлыққа қарсы анимациялық байқау ұйымдастырды. Байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және бос уақытты тиімді пайдалану мәдениетін дамыту.

Байқау өңірдің шығармашыл оқушыларын біріктіріп, олар анимация тілі арқылы психоактивті заттарды қолдануға қарсы өз көзқарастарын білдіріп, замандастарын өмірді, спорт пен өнерді таңдауға үндеді. Балалар «Аркадий Паровозов» мультфильмін негізге ала отырып, жаңа сценарий мен дыбыстаумен нашақорлыққа қарсы мультфильм жасады.

Облыстық байқаудың жеңімпаздары атанғандар: Қазалы ауданының №95, 182 орта мектептері мен №266 мектеп-лицейінің оқушылары – Разахберген Нұрали, Әділхан Жасмин, Ұлықпан Зибанұр, Жалағаш ауданы №246 орта мектебінің оқушысы Тоба Нұртөре.

Осындай шығармашылық шаралар балалардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, адамгершілік құндылықтарды насихаттауға және салауатты өмірді саналы түрде таңдауға ықпал етеді.

Байқауда үздік деп танылған жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, нашақорлықтың алдын алу бағытындағы іс-шараларда пайдаланылады.

Қызылорда облысының оқушылары «Мен өмірді қалаймын!» атты нашақорлыққа қарсы анимациялық байқауға қатысты
Қызылорда облысының оқушылары «Мен өмірді қалаймын!» атты нашақорлыққа қарсы анимациялық байқауға қатысты
Қызылорда облысының оқушылары «Мен өмірді қалаймын!» атты нашақорлыққа қарсы анимациялық байқауға қатысты

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!