Бүгін Қызылорда облысының прокуроры Ожаров Ризабек Кәрімұлы, бірінші орынбасары Төлегенов Исламбек Тынарбайұлы және Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесіне барды.Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, өндірістік цехтарды аралады. Аталған мекеменің өндірістік аймағында қазіргі таңда 14 жеке кәсіпкер 400-ге жуық жазасын өтеушіні жұмыспен қамтып отыр.

Өндірістік аймақта кірпіш зауыты, тігін цехы, дәнекерлеу цехы, қолөнер шеберханалары, брусчатка және пластик терезе дайындайтын цехтар бар.

Өндірістік аймақты аралау барысында облыс прокуроры ҚАЖ департаментіне, мекеме басшылығына облыстағы кәсіпкерлерді түзеу мекемесіне тарту, шағын орта субьектілерді тарту үшін сотталғандардың қолымен жасалған өнімдеріне жәрмеңке ұйымдастыру және жаңа жұмыс орындарын ашу туралы нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы жазасын өтеушілермен жеке қабылдау өткізіп, өтініштері мен шағымдарын мұқият тыңдап, қойылған сауалдарға заң аясында жан-жақты жауап берді. Сонымен қатар, әрбір сұрақ бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар берді.

Наргиза Рамазанова
Қызылорда облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!