Қызылорда облысы − қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде ерекше орын алатын Сыр бойының қасиетті жері. Бұл топырақта туған ақын- жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер мен спорт саңлақтары жетерлік. Әуелі күй атасы Қорқыт бабаға тоқталсақ.

Қорқыт ата – ойшыл және жырау, түркі халықтарына ортақ тұлға. Қорқыттың мәңгілік өмір туралы философиялық толғаныстары мен күйлері бүгінгі ұрпаққа да рухани азық болып келеді. Қорқыт атамыздың үні мәңгілік қалсын деп Қармақшы ауданында оның мемориалдық кешені орналасқан.

Сонымен қатар Сырда туған қазақтың әйгілі ақыны, драматург, зерттеушісі Әбділдә Тәжібаев та қазақ поэзиясын жаңа деңгейге көтерген тұлға. Оның атына арналған Қызылорда қаласында кітапхана бар. Мұнда ғылыми кітаптар, түрлі шығарма бар. Бұл кітапхана жылына 28000-нан астам оқырманға қызмет етеді. Халық ақыны, өнердің шебері, композитор Нартай Бекежанов та Сырда туған тұлға. Ол Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылында дүниеге келген. Оның айтыстары мен термелері маңызын әліге дейін жоғалтқан емес. Өзі де айта кеткендей, «Ақын болу − бір күндік дәреже емес, өмір бойғы жауапкершілік».

Қызылорда мекені − тек тарихы бай өлке емес, қазіргі Қазақстанның мәдени, спорттық және рухани өміріне үлес қосып жүрген заманауи тұлғалар көп.

Айта кетсек, қазіргі танымал фильмдердің продюссері Нұрлан Қоянбаев. Ол тек қана продюссер емес, тележүргізуші, әзілкеш, кинорежиссер. Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по – казахски» киносы кейінгі онжылдықтағы танымал комедиялардың бірі. Нұрлан ағамыз мұнымен тоқтап қана қоймай тағы да қызықты жобалар шығарады деген үміттеміз.

Өнер мен мәдениетке тоқталсақ, бұл кезекте бізде танымал тұлғалар бірінен- бірі озады. Мысалы Мәдина Сәдуақасова – Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші. Оның Сыр еліне арнаған әндері жеткілікті. Сонымен қатар қайырымдылық жобалар мен әлеуметтік бастамаларға белсене қатысады.

Әрі қарай спорт саласындағы тұлғаларға тоқталсақ. Қазақстанның ең танымал спортшыларының бірі − Илья Ильин. Қызылорда қаласының тумасы Илья Ильин ауыр атлетикадан әлем чемпионы. Біздің қазақ жастары да әлем чемпионы болсын деп Қызылордада Илья Ильин атындағы саябақ ашылған.

Қорытындылай келе, Қызылорда – тарих пен болашақтың тоғысқан мекені. Әр атақты тұлғаларға арналған саябақтар, мемориалдар бар. Сыр елі әлі де талай ұлт мақтанышын дүниеге әкелтіні сөзсіз.

Арайлым САУЛЕБЕКОВА,
Абай атындағы ДБА мектебінің
11-сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!