Kyzylorda-news.kz. Шиелі аудандық пробация есебіндегі азамат ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінде көзделген ұрлық қылмысын жасағаны үшін, оған сот үкімімен 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, тұрғылық жері бойынша жергілікті атқарушы орган айқындайтын орындарда жылына жүз сағат мәжбүрлі еңбекті атқару міндетін орындауды жүктеген.

Сот үкімінің талаптарын орындау мақсатында Шиелі кентінің әкімшілігі сотталған азаматты санитарлық тазалық жұмыстарға қойып, мәжбүрлі еңбекке тарту туралы өкім шығарған.

Қазіргі таңда ол сот үкімімен өзіне жүктелген міндеттерін атқару мақсатында қоғамдық орындарда санитарлық тазалық, «COVID-19» індетіне қарсы дезинфекциялау жұмыстарын атқаруда.

Айта кетейік, бас бостандығынан шектелгендерді мәжбүрлі еңбекке тартуды жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 57-59-баптарына сәйкес ұйымдастырады. Сот үкімімен тағайындалған мәжбүрлі еңбекті себепсіз атқармау, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған болып есептеледі.

Аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Ғ.Биқабыловтың айтуынша, пробация есебінде 70 сотталған есепте тұр, оның ішінде бас бостандығынан шектеудегі 41 адамның 29-ы мәжбүрлі еңбекке тарту бойынша есепке алынған. Олар ұрлық, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, алаяқтық секілді құқықбұзушылықтарына сәйкес жазаларын өтеуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!