Бүгін Қызылорда қаласы әкімдігінде өткен жиында қала әкімі лауазымына Ғанибек Қазантаев тағайындалды.
Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы 1960 жылы дүниеге келген
Ұзақ жылдар аймақтың мұнай саласында еңбек еткен.
2013 жылдан 2019 жылдың тамыз айына дейін Сырдария ауданының әкімі қызметін атқарды.
Ғ.Қазантаев 2000 жылы облыс әкімінің, 2002 жылы облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, 2005 жылы Қазақстан Республикасының Энергетика және Минералдық Ресурстар Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Сонымен қатар «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан мұнайына 100 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерекелік төсбелгілсінің және «Құрмет» орденінің иегері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!