Тергеу соты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалап, тергеу әрекеттері (әрекетсіздіктері) бойынша берілген шағымдарды қарайды.

Қазіргі таңда сотқа арыз, өтініштерді электронды түрде сот жүйесінің сервистері арқылы беруге болатынын, ал сот отырысына сот ғимаратына келмей-ақ бейнебайланыс арқылы, «TrueConf» және «ZOOM» мобильді қосымшаларын қолданып қатысуға мүмкіндік көзделген.

2020 жылдың 12 айында Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының өндірісіне барлығы 2216 материал тіркелсе, оның 1089-ы санкциялау туралы өтінішхаттар бойынша материалдар, 956-ы жасырын тергеу әрекетіне қатысты материалдар және Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің(бұдан әрі ҚПК) 106-бабы (прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды сотта қарау тәртібі бойынша сот өндірісіне 171 шағым келіп түсіп тіркелген.

Сот өндірісіне түскен 1089 санкциялау өтінішхаттарының 1045-і қаралып аяқталса, қалған 44-і кері қайтарылған, қаралып аяқталған материалдардың965-і қанағаттандырылып, қалған 80 материал бойынша қанағаттандырудан бас тартылған.

ҚПК-нің 106-бабы (прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды сотта қарау тәртібі) бойынша сот өндірісіне 171 шағым түскен,  90-ы қаралған, оның ішінде 40-ы қанағаттандырылып, 50-і қанағаттандырудан бас тартылған, ал қалған 81-і  қараусыз кері қайтарылған.  Қаралған шағымның 44,4% қанағаттандырылған. Қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне берілген шағымдарды қарау кезінде тергеу соты біржақтылық танытпай іс жүргізудің заңдылығын, олардың процестік құқықтарын кепілдендіретін заң талаптарын қатаң сақтауда.

2020 жылдың 12 айында түскен 1089 материалдың ішінен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы 252-і материал келіп түсіп, 244 материал қаралып, оның 227-і қанағаттандырылып, қалған 17-і қанағаттандырудан бас тартылып, қалған 8-і қараусыз кері қайтарылған.

  2020 жылдың 12 айында қаралған барлық материалдар бойынша 28 жекеше қаулы қабылданған. Айта кетсек, 2019 жылдың 12 айында барлық материалдар бойынша 40 жекеше қаулы қабылданған болатын. Бұл көрсеткіштерді салыстырғанда, құқық қорғау органдары жұмыстарының айтарлықтай жолға қойылғандығын айқындайды.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі   

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!