«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай айлық аясында, Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен есірткіге қарсы төсбелгі дизайны байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың басты мақсаты – кез келген адам, өзінің кеудесіне, есірткіге қарсы төсбелгіні мақтанышпен тағып, азаматтық ұстанымдарын көрсете алу болып табылады.
Көптеген идеялар болды! Әр автор ұсынған дизайнын таңдау керектігіне дәлелдер келтірді. Байқау комиссиясы ұзақ уақыт талқылап, Қызылорда қаласындағы №176 орта мектептің оқушысы – Әуезхан Іңкәр, Қазалы ауданындағы №16 мектеп-лицейінің оқушысы – Бақытжан Нұрай, Қармақшы ауданындағы №113 орта мектептің оқушысы – Телқараева Нұрдананың ұсынып отырған жобалары есірткіге қарсы азаматтық позицияны анық көрсетеді деп шешіп, жеңімпаздар деп жариялады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!