«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні», Қызылорда қаласы №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында «Есеңгіреткен есірткі» тақырыбында ашық сұхбат алаңы ұйымдастырылды.
Ұйымдастырылған іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау мен бос уақытты тиімді пайдалану болып табылды.
Іс – шара барысында, №17 Қызылжарма ауылдық кітапхана мен Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма қызметкерлері, кітапхана қорындағы нашақорлық жайлы кітап, журналдардағы ақпараттармен және есірткі заттарына байланысты қылмыстық ахуал мен алдын алу іс-шаралар барысымен бөлісіп, сұхбат алаңына келген қатысушылардың пікірін тыңдады.
Кездесу барысында есірткі қылмыстары мен есірткі бизнесіне жастарды баулу заңсыз іс-әрекеттерден аулақ болып, адамзатқа нашақорлықтың кері әсері мен зардабы туралы айтылып, салауатты өмір салтын ұстану керектігіне бағыттап, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану керектігі нақтыланды.
Шараға қатысушылар есірткі мен нашақорлық мәселесі жайлы пікір бөлісіп, сауалдарына жауаптар алды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!