12 тамыз – Халықаралық жастар күні аясында аясында облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, жастар мерекесі 2-12 тамыз күндері онкүндік форматында аталып өтілуде.

Атап айтсақ, Халықаралық жастар күніне арналған Ұлттық онкүндік аясында 2 тамыз – «Жастар және тазалық» күні ретінде белгіленіп, облыс көлемінде жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жанашырлық пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттаумақсатында тазалық акциялар ұйымдастырылды.

Сенбілік пен экологиялық марафонға орталық қызметкерлері, «Жасыл ел» сарбаздары, еріктілер және жастар ұйымдарының белсенділері қатысып, Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадион, Батырхан Шүкенов атындағы саябақ, қаланың өзен-көл жағалауларында тазалық жұмыстарын жүргізуге, жасыл желектерді күтіп-баптауға, табиғатқа жанашырлық танытуға атсалысты.

Сонымен қатар, «тамыз – жастар және кемелділік күні» аясында Қызылордада ерекше форматтағы шара өтті.

ASPAN CINEMA – ашық аспан астындағы кино көрсетілімінде «Алмас қылыш» фильмі көрсетілді.

Тарихи рух пен ерлікке толы бұл туынды жастардың ұлттық сана-сезімін оятып, отансүйгіштікке үндеді.

Кеш жастарға ерекше әсер сыйлап, мазмұнды әрі рухани ортаға айналды.

Бұдан бөлек, Халықаралық жастар күніне арналған «4 тамыз – жастар және денсаулық күні» аясында аймақта игі бастама өтті.

«ДОНОР БОЛ!» атты қайырымдылық акциясы аясында облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары мен ерікті жастар сауапты іске үлес қосты.

Қан тапсыру арқылы өмірді сақтап қалуға себепші болған қатысушылар қоғамға пайдалы болудың үлгісін көрсетті.

Сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттауға және тұрғындардың медициналық сауаттылығын арттыруға бағытталған Ашық есік күні ұйымдастырылып, қалалық мәдениет және демалыс паркінде ұйымдастырылып, қала тұрғындары үшін тегін медициналық кеңес алу мүмкіндігі ұсынылады.

Шарағ келушілер жалпы денсаулық жағдайын тексертіп, кәсіби дәрігерлерден қажетті кеңестер ала алады.

Бұл жастарға арналған маңызды іс-шараларболды. Мұндай шаралар онкүндік аясында жалғасын табады. Атап айтқанда алдағы күндері:

«5 тамыз – Жастар және білім»

Кітап оқу мәдениетін дамыту мақсатында «Кітап сыйла», «Түнгі кітапхана» акциялары мен интеллектуалды сайыстар өтеді.

«6 тамыз – Жастар және еріктілік»

«Игі істер марафоны» аясында әлеуметтік қолдауға бағытталған еріктілік бастамалар жүзеге асады.

«7 тамыз – Жастар және заң мен тәртіп»

Зиянды әрекеттердің алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары, рейдтер мен бейнеүндеулер өткізіледі.

«8 тамыз – Жастар және адал еңбек»

«Мүмкіндіктер алаңы» шарасы аясында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, кеңес беру алаңдары, кәсіпкерлік көрмелер ұйымдастырылады.

«9 тамыз – Жастар және достық»

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай этно-мәдени бірлікке бағытталған шаралар өтеді.

«10 тамыз – Жастар және Абай»

Абай күніне орай ақын шығармашылығын насихаттауға арналған байқаулар мен челлендждер ұйымдастырылады.

«11 тамыз – Жастар және дәстүр»

Ұлттық құндылықтар мен отбасылық тәрбиені насихаттайтын тәрбиелік форматтағы іс-шаралар өткізіледі.

«12 тамыз – Жастармен бірге!»

Халықаралық жастар күніне арналған қорытынды open air кеші өтеді. Облыс орталығындағы мерекелік шараға жас өнерпаздар мен Belluci тобы қатысады. Шара жастарға арналған дискотекамен жалғасады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!