Қызылорда облысында салықтық рақымшылық мүмкіндігін пайдаланған 14455 жеке тұлғаның 52,7 млн теңгеден астам өсімпұлы кешірілді.

Сондай-ақ, биылдан бастап мүлік және жер салығы біріктірілген бюджеттік жіктеу коды арқылы төленеді. Яғни, салықтың 2 түрі үшін бір төлем жасалады, ал есептелуі бөлек жүргізіледі.

Жеке тұлғалардың көлік құралдары салығының төлеу мерзімі 1 сәуірге дейін ұзартылды. Бұған қоса, 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін пандемиядан зардап шеккен шағын және орта бизнес субьектілері үшін бөлшек салық төлеу түрінде ерікті арнаулы салық режимі енгізілді. Яғни 3 пайыз мөлшерінде бөлшек салығы салынады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!