Қызылорда қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі уақытта жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз және тұрғын – жайдан тыс жерлерде болған жасөспірімдерді анықтау бағытында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды.
Атап айтқанда, есепті мерзімде ІІО-на қадағалаусыз, қараусыз, қаңғыбастыққа салынып жүрген, әр түрлі құқық бұзушылық деректері бойынша 7 ай қорытындысымен жалпы 3227 әкімшілік хаттама толтырылды.
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 201 кәмелетке толмағандар тапсырылған.
ҚР ӘҚБтК-нің 127 – бабы, яғни ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамаған 50 азаматқа сот құзырымен әкімшілік шаралар көрілді.
Түнгі уақытта 23.00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болған 2058, жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне тиісті әкімшілік шара көрілсе, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 74 құжат әкімшілік сотқа жолданып, сот құзырымен тиісті шара көрілді.
Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабымен 682 әкімшілік хаттама рәсімделді.
Сонымен қатар, балалардың тәрбиесімен айналыспай, ата-аналық міндеттерін дәлелсіз себептермен орындамайтын 3 ата-ана сот құзырымен ата-аналық құқығынан шектелсе, 3 ата-ана сот құзырымен ата-аналық құқығынан айрылды.
1 жасөспірім Абай облысы, Көкпекті ауданы, Үлкен Бөген ауылында орналасқан «Абай облысының ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп – интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бір) жыл мерзімге орналастырылды.
Қызылорда қаласы көлемінде жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың және жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыстардың алдын-алу, заңмен тыйым салынған уақыттан кейін қоғамдық орындар мен көшеде, ойын-сауық орындарында бей-берекет жүретін кәмелетке толмағандарға әкімшілік шаралар қолданылуда. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға итермелейтін ересек адамдарды анықтау, полиция органдарының профилактикалық және тізімдік есебінде тұратын кәмелетке толмағандар мен қолайсыз отбасыларын тұрғылықты мекен-жайларынан тексеріп, олармен профилактикалық бағытта жұмыстар жүргізу мақсатында 5 жедел профилактикалық іс-шара өткізілді.
Әрбір ата-ананың назарына, кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеміз. Сондықтан ата-аналар өз балаңыздың өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!