Борышкерлерді, алимент төлеуден жалтарғандарды және туыстық қатынасын жоғалтқандарды анықтау бағытында Қызылорда облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі бөліністерімен бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылдың 12 айында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы және аудандық полиция бөлімдерімен алимент төлеуден жалтарған 126 тұлғаға іздеу жарияланып, оның 106-сы анықталды.
Сонымен қатар мемлекетке борышкер 33 адамға іздеу жарияланып, оның 30-ның тұрғылықты мекен-жайы анықталды.
2017 жылдан бері алимент төлеуден жалтарғаны үшін Қызылорда ҚПБ көші-қон қызметі бөлімімен іздеуде жүрген бір азамат Алматы қаласынан, бір азамат Нұр-Сұлтан қаласынан табылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!