Фото: pixabay
Қызылордада балабақшада бала ұрған тәрбиешіге іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform полицияға сілтеме жасап.

Қызылорда қаласы полиция басқармасына ата-анадан арыз түскен.

Ол жеке балабақшада ұлына дене жарақатын салған тәрбиешіге шара қолдануды сұраған.

Арыз негізінде қылмыстық іс тіркеліп, ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Тәркіленген бейнежазба қылмыстық іске тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша баланың „денсаулығына жеңіл зиян“ келгені белгілі болды» дейді полициядан.

Ал сот-габитологиялық сараптаманың қорытындысы әлі шыққан жоқ.

41 жастағы тәрбиешіге ІІО-ға келу туралы міндеттеме қабылданды.

ҚР ҚПК 200-бабына сәйкес облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!