ҚР Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің сарбаздары алғаш рет жауынгерлік кезекшілікке кірісті. Жақында ғана әскери ант қабылдаған жас жауынгерлерге бекітілген қару-жарақ пен әскери техника тапсырылып, олар құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп дербес қызмет атқаруға кірісті.

Бір айлық дайындық барысында сарбаздар әскери жарғыны меңгеріп, қызмет атқару тәртібін, қала аумақтарында патрульдеудің ерекшеліктерін үйренді. Сонымен қатар олар психологиялық, медициналық және кәсіби сынақтардан өтті.

Әскери бөлім командирі, подполковник Жасұлан Беркенов жауынгерлерді айтулы сәтпен құттықтап, заңдылықты қатаң сақтау мен әскери жарғылардың талаптарын бұлжытпай орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері дәстүрлі түрде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді: ұрлық пен тонаудың алдын алады, күдіктілерді ұстайды, есірткіге қарсы күрес жүргізеді және ата-аналарға жоғалған балаларын іздеуде көмек көрсетеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!