Ағымдағы жылғы 30 мамырда Қызылорда облысы және оған қарасты 7 аудан орталығында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.

Биылдан бастап бұл акция аудан аумақтарында өткізілуде.

Іс-шараға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, жергілікті атқарушы, сонымен қатар, жеке нотариустар, сот орындаушылар, заңгерлер мен адвокаттардан құралған 150-ге жуық кеңесші маман қатысты.

Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізілді, ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, облыс әкімдігі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Шара барысында мамандар 800-ге жуық азаматқа кеңес берді.

Сарапшылар неке-отбасы, мұрагерлік, тұрғын үй, еңбек, азаматтық құқық, сот шешімдерін орындау, денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, несие, жол құрылыстары, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық және тағы басқа салаларға қатысты көптеген сұрақтарға жауап берді.

Бүгінгі күні «Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар өз алғыстарын білдіруде. 2016-жылдан бастап акцияға 8000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам азамат қажетті кеңестер алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!