Облыс әкімінің орынбасары А.Зебешевтің төрағалығымен Қызылорда қаласында ҚР Даму институттары өкілдерінің инвестиция тарту, өнеркәсіпті дамыту және экспортты ілгерілету бойынша мемлекеттік қолдау шаралары туралы өңірлік семинар-тренингі өтті.

Мемлекет басшысы «жаңа инвестициялық кезеңді» бастау туралы тапсырмасы аясында өңірлерде жеке және шетелдік инвестициялар көлемін арттыру, ол үшін біртұтас экожүйе қалыптастыру және даму институттары мен бизнес арасында тиімді диалог орнату мәселелерін атап өткен болатын.

Қызылордада инвестиция тарту және өнеркәсіпті дамыту бағытындағы өңірлік семинар-тренинг өтті

Осы ретте, жергілікті атқарушы органдар, өңірлік даму институттары және бизнес-қауымдастық өкілдерімен тығыз өзара байланыстар орнату мақсатында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «Бәйтерек» ҰБК» АҚ, «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Kazakh Export» ЭСК» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «QazIndustry” АҚ өкілдері облысқа арнайы жұмыс сапарымен келді.

Одан бөлек, аталған іс-шараға қала және аудан әкімдерінің тиісті орынбасарлары, қаржы ұйымдары және банк басшылары сонымен қатар, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары бойынша «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның өңірлік директорлары қатысты.

Қызылордада инвестиция тарту және өнеркәсіпті дамыту бағытындағы өңірлік семинар-тренинг өтті

Іссапар аясында 100-ден аса қатысушыны тарта отырып, өңірлік семинар-тренинг мен B2G кездесулер өткізілмекші. Сондай-ақ, бірқатар өндірістік нысандарды аралау жоспарлануда.

Семинар аясында елімізде «бір терезе», «жасыл дәліз» қағидаларына сәйкес инвестициялық қызметті жүзеге асыру, өнеркәсіп саласын дамыту және шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру бағытындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Қызылордада инвестиция тарту және өнеркәсіпті дамыту бағытындағы өңірлік семинар-тренинг өтті

Семинар қорытындысы бойынша Қызылорда облысында алдағы уақытта жүзеге асырылуы жоспарланған 17 инвестициялық жобаларға облыс, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары мен кәсіпкерлер арасында үш жақты «Жол карталарына» қол қойылды.

Нәтижесінде, бұл іс-шаралар облыстың бизнес ахуалын жақсартуға және инвестициялық белсенділікті арттыруға жаңа серпін береді деп күтілуде.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!