Қызылордадағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан екі оқушы жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz.
Полиция басқармасының мәліметінше, оқушылар екі күннен бері табылар емес. Белгісіз бағытқа кеткен 14 және 16 жастағы қыздарды көрдім-білдім деген жан жоқ.
«Ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен барлық жасөспірімдер баратын жерлер араланды. Осы қыздар бойынша Шымкент қаласына 3 қызметкер жіберілді. Барлығы 43 қызметкерлер сол бойынша жұмыс атқарып жатыр», – деді Қызылорда қаласы ПБ ювеналды полиция бөлімшесінің бастығының орынбасары Ләззат Ахметова.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!