25 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де құтқарушылар кәріз құдығынан 2015 жылы туған баланың денесін тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 18 қызметкері мен 5 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 3 қызметкері және 1 техникасы, ішкі істер бөлімінің 8 қызметкері мен 3 техникасы, жедел жәрдем бригадасы, «Қызылорда қ. су жуйесі» жергілікті атқарушы орган қызметкерлері оқиға орнына барды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Қызылордада құтқарушылар кәріз құдық құдығына құлап кеткен 8 жасар баланы іздестірген болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!