Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы университетінің №5 оқу ғимаратында орналасқан №253 референдум учаскесінде комиссия мүшелері дауыс берушілерге ұлттық киіммен қызмет көрсетуде.
Еліміздегі маңызды саяси науқан – референдум күні таңғы сағат 07:00-де басталды.
Ұлттық киім кию арқылы олар қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеп, дауыс берушілерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлауды мақсат еткен.
№253 учаскелік комиссиясының мүшесі Жолаева Лаула Мұхтарқызы дауыс беру процесінің басталғанын хабарлап, учаскенің жұмыс барысымен таныстырды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!