Қызылорда облысы полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөліміне 2021 жылдың 3 қаңтарында 39 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, ауыл маңында жайылып жүрген жылқыны ұрлауға әрекеттенгендігі туралы хабарлаған.

Арызданушы белгісіз адамдардың оның жылқысын атып алып, ұрлауға оқталғанын айтты. Полиция қызметкерлері аттың ізімен жайылымға барып, тексеру барысында белгісіз азаматтардың аяқ киім іздерін табады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында бұл қылмысқа 31 жастағы ауыл тұрғынының қатысы бар екендігі анықталды.

Күдікті қылмыстық әрекетін белгісіз себептермен соңына дейін жеткізе алмай, оқиға орнынан қашып кеткен.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) арқылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 1-бөлігімен (Мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.  Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!