3 қаңтар күні сағат 20:00-де облыс орталығында 2 автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер болған жоқ. Тексеру барысында жүргізушілердің бірі көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды. Оған қоса, сот шешімімен оның 2019 жылдың 12 ақпанында 3 жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. 

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігімен (көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.  

Бұл орайда, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау  мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері  облыс тұрғындарының жолдағы жауапкершіліктерін күшейтуді ескертеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!