Kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылдың 3 айында Қызылорда облысы бойынша 99 өрт оқиғасы орын алды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17 өртке, яғни 17,2 % көбейген. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Бақтияр Тұрманов мәлімдеді.
«Өрт оқиғасынан 9 адам, оның ішінде – 3 бала қаза болды. Өткен жылғымен салыстырғанда қаза болғандар 3 есеге, жарақат алғандар 4,5 есеге өсіп отыр. Биыл 20-24 наурыз аралығында облыс бойынша 6 өрт оқиғасы тіркелді. Өрт оқиғалардың барлығы тұрғын үй секторында орын алған. Өрт кезінде тұрғындардың қаза болу, жарақат алу, күйік алу фактілері тіркелген жоқ», – дейді Бақтияр Тұрманов.
Басқарма бастығының айтуынша, өрт оқиғалардың жиі орын алуына әсер ететін факторлардың бірі тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауы себеп болуда.
Өрттің пайда болуы себептерінің басым бөлігі ашық отты пайдаланудан, электр желілерінің және қондырғылардың қысқаша тұйықталуынан, тұрмыстағы пештің ақаулығынан, тұрмыстық газ қондырғыларының және газ баллондардың ақаулығынан, балалардың оттықпен ойнауынан болып жатады, – дейді Бақтияр Тұрманов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!