Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Қызылордада қоғамдық орындарды ластаған 2197 азамат анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді.

«Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және жергілікті полиция қызметкерлері жыл басынан бері ортақ пайдаланылатын орындарды ластау дерегі бойынша 2197 тұрғынды анықтап, әкімішілік жауапкершілікке тартты. ​Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 434-2 бабының 1-бөлігімен (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – деп хабарлады ПД.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!