Қызылордада Қорқыт Ата әуежайының жаңа терминалы жаңғыртылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл мақсатта Қызылорда облысының әкімдігі Болат Өтемұратов қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісімнің мақсаты – заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жолаушылар ағымын өткізу қабілетін кеңейтетін жаңа заманауи әуежай терминалының құрылысы.

Жаңғыртудан кейін әуежай сағатына 300 жолаушыға қызмет көрсете алады, бұл жолаушылар ағымын екі есе арттырады. Бұл туралы орталық коммуникация орталығында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді. Қор жобаны толығымен қаржыландыруды көздеп отыр. Оның басталуы 2022 жылға жоспарланған. Жаңа терминал 3,9 гектар аумақта орналасады. Құрылыс аяқталған соң терминал Қызылорда облысы әкімдігінің басқаруына беріледі.

Аймақ басшысының айтуынша, әуежайды кеңейту – көптен бері талқыланып келе жатқан өзекті мәселе. «Жаңа әуежай құрылысының құны жоғары. Сондықтан біз қолданыстағы инфрақұрылымды кеңейтіп, халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, жаңа терминал салу – ең қолайлы шешім болады деп санаймыз.

Меморандум аясындағы Болат Өтемұратов Қорының қаржылық қолдауы бұл стратегиялық маңызды жобаны тез әрі уақтылы жүзеге асыруға көмектеседі», – деді аймақ басшысы. Сонымен қатар, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен әуежайды «Ашық аспан» режиміне қосу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Биылғы желтоқсан айынан бастап «NordwindAirlines» Авиакомпаниясы тарапынан «Санкт-Петербург – Қызылорда – Санкт-Петербург» бағыты бойынша аптасына 1 рейс ашады деп жоспарлануда.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында кәсіпкерлерге несие берілгені хабарланды. Сондай-ақ, бұдан бұрын Қызылордада тұрғындардың 86 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны хабарланды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!