Қызылорда облысы көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 18-20 қараша күндері «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында жол қозғалысы ережесін бұзудың – 363 дерегі, оның ішінде тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқарудың9, мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқарудың 11 дерегі анықталды. 79 жүргiзушi телефон пайдаланып, 71 жүргізуші қауiпсiздiк белдіктерiн тақпаған.
Маневр жасау қағидаларын бұзудың 11 адам бұзып, жаяу жүргiншiлер жолында жол бермеген 17 жүргізуші белгілі болды. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі адамның басқаруына берген 2 адам анықталып, 36 адам құжатсыз көлік басқарған.Полиция департаментінің хабарлауынша бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда және басшылықтың қатаң бақылауында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!