Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Спорт есірткіге қарсы!» ұранымен, оқушылар арасында үстел теннисінен жарыстар ұйымдастырды.
Жарыс барлық аудан орталықтарында және Қызылорда қаласында өткізіліп, оған 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Облыстың 95 оқу орнының теннисшілері қарсыластарымен жеке кездесулерде жарысты. Төрешілер алқасы әр өңірде I,II,III орындардың иегерлерін анықтады.
Үстел теннисін ұнататын жүз жиырма бес спортшы осы таңғажайып ойында допты ұрып-соғудың күші мен ептілігін өлшеді. Жанкүйерлер әрбір сәтті қадамды қошеметпен қарсы алды.
Бірнеше сағат ішінде төрешілер ең мықтыларын анықтады. Жарыс барысында үздіксіз күрес жүргізіліп, қызғануға тұратын жас спортшылардың жеңіске деген ұмтылысы, жақсы эмоциялар мен керемет көңіл-күйі жарыстарды мерекеге айналдырды.
Балалар өздерінің спорттық мүмкіндіктерін көрсете алды, үздік деп танылғандар: Кенішбай Бақдәулет (Қызылорда қаласының №212 мектеп-гимназиясы), Немат Уайда (Жаңақорған ауданының №51 орта мектебі), Байзақ Мирас (Арал ауданының №260 орта мектебі), Сайлаубаев Тимур (Қазалы ауданының №249 мектеп-лицейі), Нұртуғанұлы Бекжан (Қармақшы ауданының №99 орта мектебі), Сайфулла Маржан (Жалағаш ауданының № 201 мектеп-лицейі), Абдулла Нұрислам (Сырдария ауданының №44 орта мектебі), Ақберген Абдат (Шиелі ауданының №244 орта мектебі).
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!