Отбасы — сыйластық пен тыныштық, махаббат, бірлік орнаған орта, кішкентай Отан.
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю-отбасыдан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы бастауы.
Адамның жеке тұлға болып қалыптасып, өмірге кірпіш бопқалануы отбасыдан басталады. Сонымен қатар, бас бостандығынан айырылған немесе ісі тергеуде болып жатқан азаматтардың да отбасын құрып, некелесуге өз құқықтары бар.
Осы тұста, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде ҚР ҚК-нің 300 бабының 2-бөлігі 3 тармағы мен анықталып отырған айыпталушы азамат өзінің сүйген жарымен некелесу мақсатында мекеменің заңгер маманына арыз жазу арқылы өтініш білдірген.
Нәтижесінде қос ғашық тергеу мекемесінде АХАЖ бөлімінің маманының көмегімен некелесті. Қазіргі таңда, тергеу мекемесінде жыл басынан бері 25-ші некесін қидырушы азаматтар қатарында тіркеліп отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!