​Оқу жылының басталуына санаулы күндер қалғанда барлық облыстар арасында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді. Әрбір үйде мектепке баратын балалар мен ата-аналар арасында мектепке даярлану үшін абыр-сабыр болуда. Бұл ретте Қыркүйек айын дәстүрге айналдырған тергеу мекемесінің ұжымы бір ауыздан қаржылай ақша жинап, жыл сайын республика көлемінде өткізілетін  «Мектепке  жол» қайырымдылық акциясына белсене атсалысты.

​ Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінің ұжымы екі бірдей көп балалы отбасының балаларын қуанышқа бөледі. Мекеменің тәрбие және кадр тобының аға инспекторы әділет капитаны Динара Шахикөпбалалы отбасылардың үйіне барған болатын. Ең алдымен,  алты баланың анасының үйіне барып, үшінші сыныпқа аяқ басқалы жатқан балақайды мектепке қажетті құрал-жабдықтарын беріп, яғни, кітаптар салуға арналған сөмке және барлық мектепке қажетті қыл қалам, сызғыш, пластилин, сурет дәптері т.б заттармен толықтырды.

​Келесі кезекте мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршінімізді қуанттық. Мектепке қажетті құралдар мен толық қамтамасыз етіп, бүлдіршіннің  қуанышына бөлендік.

​Жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасына мекеме басшыларынан бастап әрбір қызметкері белсене қатысып, жақсылық жасап жарысады.

Қызылордада тергеу мекемесінің қызметкерлері бүлдіршіндерді қуантты

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!