Фото: Видеодан кадр

Қызылордада ТЖД қызметкерлері  БАҚ өкілдері және жергілікті еріктілермен бірге тұрғын үй секторларын аралады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара мақсаты – жылу беру маусымы қарсаңында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жылыту пештері мен түтін мұржаларын күтіп ұстау туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар улану жағдайларының алдын алу мақсатында қатты отынмен жылытылатын тұрғын үйлерге көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнатылды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!