Қызылорда қаласында кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.

Шара барысында, ағымдағы жылдың 6 ақпанында түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүрген кәмелетке толмаған 16 жасөспірім анықталды. Олардың заңды өкілдеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442 бабы 1 бөлігімен «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы» – 1 заңды өкіл; 442 бабы 2 бөлігімен «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы» – 15 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.              

Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасөспірімге спирттік өнімін сатқаны үшін Қызылорда қаласы орналасқан дүкендердің біріне, ҚР ӘҚБтК 200 бабы 1 бөлігімен «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» әкімшілік хаттама рәсімделсе, Қызылорда қаласында орналасқан компьютер клуб меңгерушісіне ҚР ӘҚБтК 132 бабымен «Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына» жол бергені үшін әкімшілік хаттама рәсімделіп, мамандандырылған әкімшілік сотына жолдануда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!