Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 1981 жылы туған Қызылорда облысының тұрғыны арызданды.
Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз азамат өзін ҰҚК-нің қызметкерімін деп таныстырып, абақтыда жатқан інісін мерзімінен бұрын босатуға уәде беріп, 1 500 000 миллион теңге ақшасын жымқырған.
Іздестіру жұмыстарының және полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің нәтижесінде ізін суытпай күдікті ретінде 35 жастағы қала тұрғыны анықталып, жеткізілді.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті толықтай өз кінәсін мойындап, оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!