25 сәуірден бастап республика көлемінде тұрғындарда заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізіліп жатыр.
Акцияның мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы, жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Сондай-ақ азаматтарда заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде қабылдау болып табылады.
Акцияның 8 күнінде облыс көлемінде тұрғындардан барлығы 28 өтініш түсіп, 42 дана қару қабылданған.
Азаматтардың заңсыз сақтаудағы қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды полиция бөлімдеріне өткізіп, қарумен жасалатын қылмыстардың және төтенше оқиғалардың алдын алуда өз үлесіңізді қосыңыз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!