Қызылорда облысы бойынша тізімге енгізілген сайлаушылар саны 36 071, сағат 09.00-ге келіп түскен ақпараттар бойынша келушілер саны 2564- 7% құрап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.
Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы, оның ішінде келушілер саны 352 – 4,4 % .
Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2672 сайлаушы, келушілер саны 347 – 13,0%
Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы, келушілер саны 60 – 2%
Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 3596 келушілер саны 189 – 5,3%
Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы, келушілер саны 310 – 11,04%
Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы, келушілер саны 211 –5,0 %
Жаңақорған ауданы бойынша 13 округте 17 учаске бойынша 11340 сайлаушы, келушілер саны 1095 – 9,7 %
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қаулысының талаптарын ескере отырып, COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шараларды көздейтін сайлау учаскелерінде тәртіп ережелері қабылданды. Жасырын дауыс беруге арналған кабиналар жеткілікті мөлшерде жабдықталып, алдыңғы пердесіз пайдалынады. КВИ ауруының симптомдары бар азаматтарды анықтау үшін температураны байланыссыз термометрлер арқылы өлшеу үшін медицина қызметкерлерінің кезекшілігі және сайлау процесіне қатысушыларда дене температурасының жоғарылауы және КВИ ауруының өзге де симптомдары анықталған жағдайда оларды медицина қызметкерінің қарап-тексеруі не жедел жәрдем бригадасының келуін күту үшін сайлау учаскесіндегі жеке үй-жайға оқшаулау ұйымдастырылды»,-деді Ғалым Қонақбайұлы.
Арбаға арналған әрбір учаскеде арнайы кабиналар бар, олар қосымша жарықтандырумен жабдықталған, нашар көретіндерге арнайы лупа бар. Дауыс беруге арналған үй-жайда көзделген барлық ақпарат, оның ішінде кандидаттар туралы плакаттар толық орналастырылған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!