Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Мүлікті қорғау жөніндегі» 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасының сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында қызылордалық полицейлер бөтеннің мүлкіне қарсы жасалған қылмыстардың алдын-алу жолдарын қарастырумен қатар, ашылу көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жүргізіп, қылмыспен күресте тиімділікті арттыруға бағытталған шаралар қабылдап келеді.
Қабылданған шараның аясында, ағымдағы жылдың 6 ай көлемінде облыс аумағында мал және пәтер ұрлықтары төмендеген. Мал ұрлау дерегімен сотқа 30 қылмыстық іс жолданған, онда 68 мал басының 34.820.000 теңге көлеміндегі шығыны жәбірленушілердің пайдасына өндірілді. Алғашқыда мал ұрлау дерегімен тіркеліп, кейіннен полиция қызметкерлерінің жүргізілген жұмыстарының нәтижесінде малдары табылып, жалпы құны 25.130.000 теңгені құрайтын 98 мал басы жәбірленушілерге қолхат арқылы қайтарылған. Осы орайда, қараусыз жүрген ауылшаруашылық жануарларының иелеріне Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-тің 408-бабымен988 әкімшілік шара көрілсе, Ветеринария қызметінің тиісті құжатынсыз мал немесе ет өнімдерін тасымалдаған 62 тұлға ӘҚБтК-тің 406-бабымен жауапкершілікке тартылды.
Бұдан бөлек, пәтер ұрлығы дерегімен20 күдікті құрықталып, ал күзет ұйымдарымен бірлесе отырып 8 қылмысты әшкереленіп, 810 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Әрі қарай қылмысты тоқтату, оны болдырмау мақсатында,облыс аумағында 3243 үй-жайлар мен пәтерлер күзетке алынып, ҚазақтелекомАҚ-ның «Бұлтты бейнебақылау» жүйесі арқылы тұрғын үйлердің кіреберістерінде орнатылған 1004 дана бейнебақылау камералары жедел басқару орталықтарына қосылды.
«Өңірде қалыптасқан жедел ахуалды ескере отырып, азаматтардың өз мүлкін қорғаудың алғышарттары, алаяқтық, қаржылық пирамида қылмыстарынан қорғану жолдары, құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндірмелік ақпараттар әзірленіп, қылмыстың өсім алған түрлеріне тосқауыл қою мақсатында алдын алу профилактикалық жұмыстар күшейтілуде» дейді Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!