Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында жарық ақысының көтеруіне байланысты тұрғындардың өтініштері бойынша қоғамдық бақылау өтті.

Қоғамдық бақылау «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қоры «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап энергия өндіруші станциялардағы электр энергиясы бағалары 11 пайыздан 25 пайызға дейін өсті. Жиында жарық бағасының артуына байланысты сұрақтар қойылды. Жеке тұлғалар үшін орташа босату тарифі бойынша 16,6992 теңге ҚҚС-мен, тұрғындар саны мен тұтыну көлемі бойынша электрплиталарын пайдаланбайтын жеке тұлғалар үшін сараланған тариф 1-деңгей 70 кВт дейін 1 адамға айына 15.8144 тг, 2-деңгей 70-тен 150 кВт*с дейін 1 адамға айына 20,0368 теңге ҚҚС-мен 3-деңгей 150 кВт*с жоғары бір адамға айына -25,0544 теңге ҚҚС-мен бекітілген. Сонымен қатар ҰОС ардагерлер, мүгедектер, жалғызбасты зейнеткерлерге жеңілдік көрсетіледі.

Айта кетейік, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Асыл Мұра-Орда» коғамдық коры құрылды. Қор 1 сәуірден бастап «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасы бойынша ақпараттық-консультациялық орталық ашылып, арыз-шағым жәшігін орналастырды. Сонымен қатар интернет сайт http://orda-kenes.kz/ пен фейзбук әлеуметтік желісі ашылды. Қордың мекенжайы: Қызылорда қаласы, Ы.Тәжиев көшесі №19 үй.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!