Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде АКАӘПТЖББ-нің теолог маманы әділет аға лейтенанты Рузиев Рашидтың ұйымдастыруымен оқшауланған аймаққа қалдырылған сотталған азаматтар арасында теннис ойыны өткізілді.

Спорттық іс-шараға «Асыл мұра орда қоғамдық қоры» арнайы шақыртылып теннис ойынын ойнаған жазасын өтеуші азаматтарға  доп, теннис таяқшасы мен футболка сыйға тарту етті.

Ойын барысында сотталған азаматтар екі топқа бөлініп, бір-бірімен бәсекеге түсті. Жеңіске жеткен топ өз сыйлықтарын қуана қабыл алды. Сонымен қатар, оқшауланған аймаққа қалдырылған сотталған азаматтарды жаңа өмірге қайта бейімдеу мақсатында мекеменің теолог мамандары жүйелі жұмыстар атқаруда.

Теннис ойындарынан бөлек, қақпа алдында кездесу әлеуметтік іс-шарасы және қалалық мешіт имамдары мен де тұрақты кездесулер өткізілуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!