Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мәжіліс залында №37, №60, №68 мекемелерде жазасын өтеушілердің арасында өткізілген сурет байқауының соңғы кезеңі өтіп, жеңімпаздар анықталды.
Бұған дейін әр мекемедегі сотталғандар арасында « Әзіл-қалжың және байыпты карикатура» тақырыбында сурет байқауы өткізілген болатын. Әр мекемеден байқауға іріктелген мазмұнды суреттер жинақталып, ҚАЖ департаментінде сала мамандардың қатысуымен байқау жеңімпазы анықталды.

  • Шараның мақсаты- жаза мерзімін өтеушілерге көңілді, көтеріңкі көңіл – күй сыйлау, оларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбелеу.
    -Күлкі күніне орай ұйымдастырылған шараға мекемедегі жазасын өтеушілер белсенділік танытты. «Күлкінің төресі — кез келген күйзелісті, жүйкедегі жүкті жеңіп шығатын шынайы күлкі. Күлкі күні қарсаңда өткізілген шарада аз уақыт ішінде еңбектенген сотталғандар әр түрлі сурет салды. Бірі суреті арқылы дүниедегі әділетсіздікті көрсетсе, сыбайлас жемқорлықтың соңы жақсылыққа апармайтынын бейнелеген. Қазылар алқасы терең ойға жетелейтін суреттерге әділ шешім шығарды. Байқау қорытындысымен І орынды №60 мекемесінде жазасын өтеуші Д.есімді сотталған жеңіп алса, ІІ және ІІІ орынды №37, №68 мекемесінен қатысқан сотталғандар өзара бөлісті.Жеңімпаздар Алғысхаттармен марапатталатын болады»,- деді әділет подполковнигі Серік Сейдахметов.
  • Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!