Қызылорда облысында «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» Жалағаш және Сырдария аудандарының тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетеді.
Мобильді топтың мақсаты – облыс аумағында заңгерлік тегін құқықтық көмек көрсету, азаматтарда туындаған құқықтық мәселелерді шешуге жәрдемдесу.
Мобильді топтың құрамына заңгерлер, мемлекеттік кіріс және әділет, денсаулық және білім салаларының мамандары, адвокаттар, сондай-ақ жоба волонтерлері қосылды.
Өткізу күні: 2024 жылғы 23-мамыр
Өтетін орны және уақыты:
Жалағаш ауданы «Қонысбек Қазантаев атындағы Мәдениет үйі» – сағат 15:00
Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Мәдениет үйі ғимараты – сағат 17:30
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!